Калифорнияда 2 адам өртеніп кетті

Калифорнияда 2 адам өртеніп кетті

Калифорния штатында 2 адам жанып кетті. Олар отқа оранған көліктен шыға алмай қалған.

29 шілдеде басталған өрт әлі сөндірілмеді. Аймақта 3 мыңға жуық тұрғын баспанасынан айырылды. Тағы 5 мыңдай үйге қауіп төніп тұр. Тілсіз жау қазірдің өзінде 23 мың гектар аумақты жалмап үлгірген. Калифорния штатында бір тамшы жаңбыр жаумағалы бірнеше айдың жүзі болды.

Роджер Дерри, жергілікті тұрғын:

- Алапат өрт бәрін жайпап, жалмап барады. Салынғанына 100 жылдан асқан үйлер күлге айналды. Біздің пошта ғимараты да өртеніп кетті. Мен сияқты барынан айырылған отбасылар көп.