Перуде бір жарым айда 10 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Перуде бір жарым айда 10 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Перу полициясы соңғы бір жарым айда жүргізілген операциялардың нәтижесінде 10 тоннадан аса есірткіні қолға түсірді.

Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрі Вилли Уэрта мәлімдеді. Арнайы шаралар елдің 7 аймағында жүзеге асырылған. Қолға түскен есірткінің басым бөлігі кокаин мен марихуана. Полиция олардың жалпы құны қара нарықтағы бағамен есептегенде 244 миллион доллар болатынын айтады.