Германияда тоқтап тұрған көмір электр станциясы жұмыс істей бастады

Германияда тоқтап тұрған көмір электр станциясы жұмыс істей бастады

Төменгі Саксонияда орналасқан электр станциясының іске қосылуына энергетикалық дағдарыс себеп болды.

Аймақта газдың жетіспеушілігінен электр қуатын өндіретін компанияларға салмақ түсіп отыр. Сондай-ақ Ресейдің "Солтүстік ағын" құбыры арқылы жеткізілетін көгілдір отыны 20 процентке азайған.

Испания электр қуатын үнемдеу режиміне көшті. Оған сәйкес, жазда барлық мемлекеттік мекемелер, сауда орталықтары, кинотеатр, қонақүй, вокзал мен әуежайлардағы ауа температурасы 27 градусқа дейін ғана суытылатын болады. Ал қыс мезгілінде температура 19 градустан аспауы керек. Министрлер кабинетінің кезекті отырысында осындай шешім қабылданды. Жаңа ереже осы айдан бастап 2023 жылдың қараша айына дейін жалғасады.

Тереса Рибера, Испания вице-премьері:

- Зерттеу және қуат үнемдеу институтының мәліметіне сәйкес, температураны бір градусқа төмендету арқылы энергияны ұтымды пайдалануға болады. Осылайша жылына шамамен 1 млн еуродан астам қаражат үнемделеді.