Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Оңтүстік Кореяда 120 мың адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Кореяда коронавирус індетін жұқтырғандардың қатары артып барады. Өткен тәулікте 120 мың тұрғынға ковид диагнозы қойылған. Бұл – соңғы 3 айда тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Жалпы пандемия басталғалы 20 млн корейлік коронавирус індетіне шалдыққан. Науқастардың басым бөлігі індетті сырттан жұқтырып келген екен. Соңғы екі жылда қауіпті вирустан 25 мың тұрғын көз жұмды.