Ресейде орман өрті өршіп тұр

Ресейде орман өрті өршіп тұр

Ресейдегі орман өртінің аумағы бір тәулікте 35 мың гектарға артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын жалмаған жер көлемі қазір 184 мың гектардан асады. Тілсіз жаудан ең көп Ханты-мансийск автономды округі мен Якутия зардап шегіп отыр. Аталған аймақтарда 18 өрт ошағы тіркелген. Екі тұрғын үй өртеніп, 3 нысан күлге айналған. Тілсіз жаумен күреске 3 ұшақ пен 7 тікұшақ және жүздеген маман жұмылдырылды.