Испанияда фестиваль кезінде күшті дауыл тұрып, сахнаны құлатты

Испанияда фестиваль кезінде күшті дауыл тұрып, сахнаны құлатты

Испанияда күшті соққан дауылдың салдарынан сахна құлап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кульер муниципалитетіне қарасты Валенсия автономды қауымдастығында қайғылы оқиға болды. Жергілікті құтқару қызметі 17 адамның зардап шеккенін мәлімдеді.

РИА Новостидің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8:18-де қатты жел тұрып, сахнаның бір бөлігін қиратқан. Ауыр жарақат алған үш адам ауруханаға жатқызылды, одан бөлек 14 адам зардап шекті.