Киттердің қылығы таңқалдырды

Аргентиналық уейкбордшылар 2 киттің қызықты әрекеттерінің куәсі болды.

Спортшылар Монте-Эрмосо қаласының маңындағы жағалауда тақтайларымен жүзіп жүрген. Сол сәтте олар 12-ге жуық алып балықты көрген. Бірақ теңіз жануарлары жақын келсе де тиіспек түгілі тіпті шошитындай қылық көрсетпеген. Спортшылардың сөзінше, киттер оларды 1 сағаттай айналып жүріпті. Дегенмен, ерекше құбылыстың куәгерлері алып балықтар ойынын тамашалап, еш қорықпаған. Спортшылар қызықты кадрларын әлеуметтік желіге жүктеп, оқырмандарымен бөлісуді жөн көріпті.