Солтүстік Корея Сары теңізге зымыран ұшырды

Солтүстік Корея Сары теңізге қарай екі зымыран ұшырды. Бұл туралы Оңтүстік Корея әскери күштеріне сілтеме жасап, Ренхап ((Yonhap) агенттігі хабарлады.

Снарядтар Пхеньян-Намдо провинциясының Инчхон ауданынан жіберілген. Бұл жыл басынан бері  ұшырылған алғашқы снарядтар болып отыр. Болжам бойынша Солтүстік Кореяның бұл қадамы Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен жаттығуларына қарсы өзіндік жауап болуы мүмкін.

Айта кетсек, Ким Чен Ын Солтүстік Корея өзінің ядролық күштерін ары қарай нығайта беретінін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ядролық қарудың негізгі функциясы-соғыстың алдын алу, бірақ оның мақсаты тек мұнымен шектелмейді.