Испания көшелерінде қабандар қаптап жүр

Испания көшелерінде қабандар қаптап жүр

Испан қалаларын кезген жабайы қабандар тұрғындарды алаңдатып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қабандар азық іздеп, күл-қоқыстың арасында жүреді екен. Адамдар көп шоғырланатын жерге де әуестеніп алған. Шұбырып жүрген жабайы жануарлар адамдарға шабуылдай ма деп қорқады. Денсаулыққа зиян тигізіп қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Қаланың санитарлық жағдайына да залал тигізуі де ғажап емес. Бұған қоса, соңғы кезде қабандардың кесірінен көлік апаты да жиілеп кеткен. Осының алдын алу мақсатында жергілікті билік өкілдері жануарларды аулауға рұқсат беруді жоспарлап отыр.