БҰҰ: Африканың шығысын аштық жайлады

БҰҰ: Африканың шығысын аштық жайлады

Африканы мекендейтін 22 миллион тұрғынға аштық қаупі төніп тұр.

Басты себеп қуаңшылық. Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері қазірден дабыл қағып жатыр. Жыл басынан бір үзім нанға мұқтаж жандардың қатары 9 миллион адамға толыққан. Жұт жайлаған аймақта мал қырылып, ауыз су жетіспей жатыр. Жүздеген тұрғын босып кетті. Сарапшылардың есебінше, алдағы 6 айда дағдарысты еңсеру үшін кемінде  418 миллион АҚШ доллары қажет.