Сирияға зымыранмен шабуыл жасалып, 14 адам қаза тапты

Сирияға зымыранмен шабуыл жасалып, 14 адам қаза тапты

Сирияның солтүстігіндегі Әл-Баб қаласындағы базарға зымыранмен шабуыл жасалды.

Шапқыншылық салдарынан 14 адам көз жұмған. Арасында 5 бала бар. Тағы 30 тұрғын жарақат алған. Бұл туралы жергілікті төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасаған "Рейтерс" агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, бұл аймақ үкіметке қарсы бүлікшілердің бақылауында. Әзірге шабуылдың кім жасаған белгісіз. Дерек көздер құрбандар қатары артуы мүмкін дейді. Өйткені қирандылар әлі толық аршылып бітпеген.