Түркияда жүк көлігі адамдарды басып кетті   

Түркияда жүк көлігі бір топ адамды басып кетті. Ірі жол-көлік апаты Мардин қаласындағы жанармай бекеттерінің бірінің жанында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицияның мәліметінше, 20 адам көз жұмған. Тағы 29 адам жарақат алды. Олардың сегізі ауыр халде. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының  хабарлауынша, көліктің тежегіші істен шыққан көрінеді.