Жаңа Зеландияның солтүстігі мен орталығын су басып жатыр

Жаңа Зеландияның солтүстігі мен орталығын су басып жатыр

Аймақта 4 күннен бері нөсер басылмай, соңы алапат тасқынға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік шұғыл шаралар қабылдап, жүздеген тұрғынды қауіпсіз жаққа көшірген. «Солтүстік аралдағы» қалаларда элекр желілері үзіліп, халық жарықсыз отыр. Су үйлер мен жолдарды шайып кеткен. Құзырлы мекемелер жауын-шашын әзір басылмайды деп тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Питер Лесли, жергілікті тұрғын:

- Таңғы 5-те шошып ояндым. Далаға қарасам, айналаны қалың су басыпты. Есімді жиып болғанша, құтқарушылар есікті қағып, Тез көшіңіздер деді. Мұндай алапат тасқынды бұрын-соңды көрген емеспін.