Франция мұнай мен көмір жарнамасына тыйым салады

Франция мұнай мен көмір жарнамасына тыйым салады

Францияда енді мұнай мен көмір секілді қазбалы энергия көздерін жарнамалауға тыйым салынады.

Бұл климатты қорғау туралы заң аясында қабылданған шара. Ереженің әзірге газға қатысы жоқ. Көгілдір отын бойынша тиісті талап тек келер жылдың жазында ғана күшіне енеді. Сонымен қоса ауаға зиянды заттарды көп бөлетін көліктерге жарнама жасауға да рұқсат жоқ. 2023 жылы тағы бір жаңа талапты енгізу көзделіп отыр. 1 қаңтардан бастап кәсіпорындарға,,,өнімдерін жасап шығаруда "көмірқышқыл газы бөлінбейді" деген мәлімдеме жасауға да тыйым салынады.