Бангладеште мектептер жабылып жатыр

Бангладеште мектептер жабылып жатыр

Ал Бангладеш мектептерін жаба бастады. Өйткені ғимаратқа жарық беру үшін электр энергиясы жеткілікті емес.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде оқу орындары жұма, сенбіде жұмыс істемейді. Украинадағы қақтығыс басталғалы бұл елге энергетика өнімдерін экспорттау көлемі қысқарған. Өткен айдан бастап жанармай бағасы 50 пайызға қымбаттады. Қазір электр станциялары күніне 1 мың мегават қана өндіреді.

Оли Улла, мектеп басшысы:

Мектепке тоқ беру үшін генератор да қойдырмайды. Сабағынан қалған оқушыларға қиын. Солардың болашағын уайымдап, ұйқымнан айырылдым. Электр қуатын үнемдейміз деп балаларымызды надан қылатын болдық.