Италияда 70 жылдан бері болмаған қуаңшылық тіркелді

Италияда 70 жылдан бері болмаған қуаңшылық тіркелді

Италияда соңғы 70 жылда болмаған құрғақшылық тіркелді.

Жауын-шашын мүлдем жаумағандықтан Римдегі Тибр өзені тартылып барады. Тіпті Император НерОнның заманындағы көне көпір көріне бастаған. Су астында қалған ежелгі көпір 500-жылы Римге жау кірмеу үшін әдейі қиратылған еді. Осылайша жергілікті тұрғындар қаланы аман алып қалған екен. Қазір Италияның бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланған.