Макрон келіссөзді жалғастыруға шақырды

Макрон келіссөзді жалғастыруға шақырды

Тегеранмен 2015 жылғы ядролық келіссөзді жалғастыру қажет. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, қазір мемлекеттер аталмыш мәселеге қатысты әлі де ортақ байламға келе алмай отыр. Бірақ Макрон ұсынылып отырған келісімшарт жобасы ешбір әрекетсіз отырғаннан жақсы екенін айтады.

Еске сала кетейік, АҚШ бастаған 6 мемлекет Иранмен ядролық келісімге 2015 жылы қол қойған болатын. Алайда билікке Дональд Трамп келген соң АҚШ одан бас тартқан еді