Сальвадорда 3,6 тоннадан астам кокаин тәркіленді

Сальвадорда 3,6 тоннадан астам кокаин тәркіленді

Бұл биыл Орталық Америкада анықталған ең үлкен көлемдегі есірткі болып отыр.

Әскери-теңіз күштері жүргізген рейд кезінде Ла Конкордия портында табылған кокаин құны 91 миллион долларға бағаланған.

Елдің Қорғаныс министрлігінің деректеріне сүйенсек, контрабандаға қатысты 9 шетелдік азамат қамауға алынған. Олар Колумбия, Гватемала және Эквадор азаматтары екені анықталды.