Мальдив аралдарында маржан азайып барады

Мальдив аралдарына жаһандық жылыну кері әсерін тигізіп жатыр. Елде маржандар сиреп барады.

Аптап  ыстық  пен жоғары температура олардың басым бөлігінің түссізденуіне әкелді. Ал бұл құбылыс аралдар үшін қауіпті жағдай. Себебі жергілікті халықтың 70 пайызының табыс көзі мұхитпен байланысты. Соңғы рет мұндай жағдай 2016 жылы болған еді. Жаһандық жылыну салдарынан су температурасы бірнеше градусқа көтерілген. Ғалымдар болса, мұндай құбылыс жалғаса берсе, маржандарды қалыпқа келтіру қиынға түседі дейді.