Шиеленіс басталғалы Шығыс Африкаға алғаш рет Украинадан астық тиелген кеме жетті

Шиеленіс басталғалы Шығыс Африкаға алғаш рет Украинадан астық тиелген кеме жетті

14 тамызда жолға шыққан су көлігі ДжибУти Республикасының кемежайына аялдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұл жерден 23 мың тонна бидай көрші Эфиопияға тасымалдануы тиіс. Бұл елде қазір 20 миллион адам ашқұрсақ жүр.

Айта кеткен жөн, шілденің аяғында Ресей мен Украина делегациялары Түркия және БҰҰ-ның өкілдерінің қатысуымен «қауіпсіз дәліз» құру туралы келісімшартқа қол қойды. Құжатқа сәйкес қарулы қақтығыс салдарынан Украина кемежайларында экспортталмай тұрған астық басқа елдерге жеткізілуі тиіс. БҰҰ-ның мәліметінше, 1 тамыздан бері Украина порттарынан бір миллион тоннадан аса өнім экспортталған.