АҚШ-ты жұмыссыздық қайта жайлады

АҚШ-ты жұмыссыздық қайта жайлады

АҚШ-та өткен айда жұмыссыздық қайта көбейді. Мұны Федералдық еңбек статистикасы бюросының мәліметі көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерекке қарағанда тамыз айында оның деңгейі 3,7 пайызға көтерілген. Бірақ сарапшылар еңбек нарығында жаңа жұмыс орындары да болжағаннан көп ашылғанын айтады. Жалпы тамызда 315 мыңнан аса жаңа жұмыс орыны пайда болған. Әсіресе қызмет көрсету, денсаулық сақтау және сауда саласы мамандарына сұраныс артып отыр.