Испанияда газға салық азайды

Испанияда газға салық азайды

Испания үкіметі газға қосымша құн салығын 21 пайыздан 5 пайызға дейін азайтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім келесі айдан бастап күшіне енеді. Бұл шара көгілдір отынның қымбаттауы себепті коммуналдық қызмет ақысын мейілінше арзандатудың амалы. Испанияда энергия Украинадағы қарулы қақтығыс басталған бетте қымбаттаған. Ресми Мадрид Еуроодақтың өзге елдерімен бірге биыл газ пайдалануды 7 пайызға азайтуға ниетті.

Дағдарыс ұзақ уақытқа созылатын шығар. Сондықтан жаңғыртылатын энергия көздерін дамытуға күш салуымыз керек. Бұл біраз қымбатқа түсетінін түсінемін. Бірақ Алжир мен Ресей газынан және өзге де жағдайларға тәуелді болмас үшін осы бағытқа ден қоюымыз керек деп ойлаймын.

Тұтынушы ретінде шешімді қолдаймын. Шара коммуналдық қызмет ақысына ықпал етеді деп үміттенемін.