Солтүстік Калифорнияда орман өртінен жұрт эвакуацияланды

Солтүстік Калифорнияда орман өртінен жұрт эвакуацияланды

Солтүстік Калифорнияда орман өртінен мыңдаған адам үйінен қашып, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр. 

Өрттен оншақты үй жанып, бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп, ұшақтар қолданылып жатыр. Қосымша күштер де үсті-үстіне жұмылдырылған. Бірақ мамандар лаулаған от желдің салдарынан тез таралып жатқанын айтады. Кей ақпарға қарағанда Калифорнияның оңтүстігінде де 2 ірі өрт ошағы тіркелген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

Ал осы штатқа көршілес Аризона аймағында құм борап тұр. 80 шақырымға созылған дауыл Чандлер қаласына қарай ойысып, шаһарды шаң-тозаң басқан. Табиғат апаты кезінде өңірде жарық сөніп, көп қиындық туған.