Таиландта инфляция шарықтады

Таиландта инфляция шарықтады

Таиландта соңғы 14 жылда инфляция деңгейі ең жоғарғы шегіне жетті.

Сауда министрлігінің мәліметіне сәйкес, өткен айда тұтынушы бағаның индексі жылдық есептеу бойынша 8 процентке артты. Бұл 2008 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Салдарынан тамыз айында азық-түлік пен энергия тасымалдаушылардың бағасы күрт шарықтап кетті. Қымбатшылықтың белең алуына жанармай мен шикізат құнының өсуі себеп дейді мамандар. Үкімет басшылары жыл соңына дейін мұнай бағасының арзандауы мен мемлекеттік қолдаудың арқасында  жағдай біршама тұрақтанады деп сендіріп отыр.