Калифорнияда адам саны азаюы мүмкін

Калифорнияда адам саны азаюы мүмкін

АҚШ демекші, мамандар болашақта Флорида, Калифорния мен Гавайиде тұратын адам саны азаяды деп болжайды. Өйткені мұнда да климаттың өзгеруі байқалып отыр.

Мәселен, Калифорнияда аптап ыстықтан орман өрті жиілеген. Болашақта Аляска АҚШ-та өмір сүру үшін ең қолайлы аймаққа айналуы мүмкін. Сондықтан мамандар климаттық босқындарды қабылдау үшін мұнда ірі қалалар салу керек дейді. 2100 жылы Гренландия да тіршілік үшін қолайлы өңірге айналады деген болжам бар.