Африкада 2,5 млн климаттық босқын бар

Африкада 2,5 млн климаттық босқын бар

Климаттық босқындар. Кейінгі уақытта бұл сөз тіркесі жиі қолданылатын болды. Ол жаһандық жылыну кесірінен үйреншікті өмірін өзгертіп, үй-жайын тастап босып кетуге мәжбүр болған адамдар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мұндай босқындар Африкада көп. Сарапшылар олардың болашақта өзге құрлықтарда да артатынын ескертеді. Мәселен, АҚШ-тың Калифорния штаты өмір сүруге қолайсыз мекенге айналып, аймақтан біраз адам көшіп кетеді деген болжам бар. Бүгінде Африканың өзінде 2 жарым миллион климаттық босқын бар. Өйкені құрлықтағы көп ел қазір алапат қуаңшылықтан зиян шегіп отыр. Тұрғындардың дені ауыл шаруашылығымен айналысады. Алайда қазір ондай мүмкіндік аз. Өйткені жаңбыр айлап жаумай қоюы мүмкін. Өзен-көлдің суы тартылған. Мал қырылып жатыр. Сондықтан жұрт өмір сүру үшін қолайлы басқа аймақтарға қоныс аударуға мәжбүр. Құрлықтағы кей елдер жаңбыр жаумай қиналса, басқалары керісінше тасқыннан зиян шегіп отыр. Солардың бірі – Чад. Мұнда кейінгі 30 жылда болмаған нөсер жауып, көп өңірді су басты.

Уилфран Муфума Окиа, дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілі:

– Климаттың өзгеруінен қатты зиян шеккен өңірлердің бірі – Шығыс Африка. Мұнда бірнеше жыл қуаңшылық жалғасып келеді. Ал Судан, Сенегал секілді Батыс Африка елдерінің тұрғындарын керісінше су тасқыны әбігерге салады. Бұдан бөлек қазір Австралия мен АҚШ-тың Калифорния штатындағы ахуал да күрделі.