Калифорнияда 12 мың гектар жер өртеніп кетті

Калифорнияда 12 мың гектар жер өртеніп кетті

Калифорния биыл да оттың ортасында қалды. Екі күннің ішінде қызыл жалын он екі мың гектар жерді жалмады.

Мамандардың айтуынша өрт сөнетін түрі жоқ, қайта жарты күнде екі ес еге дейін ұлғайған. Ал жергілікті жұрт басқа амал қалмағасын үйлерінің шатырына су шашып әлек. «Біз үш күннен бері ұйықтамадық» дейді Калифорния тұрғыны Джеймс Лоури. Тілсіз жаудың кесірінен жүздеген отбасы үйін тастап, қашып шыққан. Лос-Анджелестің айналасындағы жұрт та жаппай көшірілді. Өйткені, құтқарушылар бұл аумақт да алапат өртпен күресіп жатыр.