Чилиде жастар шеруге шықты 

Чилиде жастар шеруге шықты 

Чилиде жастар шерулетіп жатыр. Ел астанасы Сантьягода жүздеген студент пен оқушының наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар білім ордаларында оқу жағдайын жақсартуды, оқу ақысын төмендетуді  және қоғамдық көлікте тегін жүруді талап етіп отыр. Ашуға ерік бергендер құқық қорғаушыларға жанғыш сұйықтығы бар бөтелкелер лақтырып, полиция жастарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданған. Мұндай халық толқулары елдегі инфляция салдарынан қаржылық қиындықтарға байланысты жасалған реформалардан кейін өршіп барады.