Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының миссиясы бүгін Арменияға жол тартады

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының миссиясы бүгін Арменияға жол тартады

Сапар мақсаты – Әзербайжанмен арадағы шекарадағы ахуалды бағалап, шиеленісті реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Миссия құрамына ұйымға мүше елдердің өкілдері кіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал делегацияға бірлестіктің бас хатшысы басшылық етеді. Бірақ Станислав Зась Арменияға келесі аптада ғана барады. Айта кеткен жөн, бірнеше күн бұрын Армения мен Әзербайжа шекарасында атыс болып, тараптар бұл үшін бірін-бір айыптаған. Осыған байланысты Ереван БҰҰ мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрады.