Еуропаның орталық банкі цифрлық еуроны сынап көрмек

Еуропаның орталық банкі цифрлық еуроны сынап көрмек

Ал қолданушылар интерфейсін жасауға Амазон, Еуропалық төлем бастамасы, Испания, Франция және Италия банктері көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен Еуропаның орталық қаржы ұйымы цифрлық валютаны баламалы төлем құралы ретінде пайдалану бойынша бір шешімге келмеген. Оны келесі күзде ғана біле аламыз. Әзірге цифрлық валютаның қолдану аясы мен дизайны пысықталады. Сынақ нәтижесін 2023 жылдың алғашқы тоқсанында белгілі болады. Банк жоспарына сүйенсек, Amazon цифрлық еуроның электронды саудадағы қызметін айқындайды. Испания банкі мобильді қосымша әзірлейді.