Түркияға Ресейден барушылар көбейді

Түркияға Ресейден барушылар көбейді

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан түрік еліне де көш тартқандар көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Меруерт Қанағат, тілші:

Иә, көршілес Ресейде мобилизация жариялаған сәттен бастап Түркияға ұшақ билеттерінің қымбаттағанын БАҚ өкілдері жарыса жазды. Тіпті ең қымбаты Мәскеу Ыстамбұл бағытында 11 мыңға доллар сатылған. Қазірдің өзінде екі ел арасындағы билеттер бірнеше аптаға сатылып кеткен. Қымбат болса да сол билетке қол жеткізу қиын. Жалпы ресейліктер өздері жылда демалысқа келіп, үйренген Анталия, Ыстамбұл, Мұғла, Измир және Анкара секілді қалаларға көптеп келіп жатыр. Бұған дейін Ресейдің бірқатар қалаларынан Анталияға шамамен 10 мың турист келетін. Соңғы екі аптада оның саны 25 мыңға жеткен. Курорттық жерлерге келетін чартер ұшақтары да қазан айы бойы жалғасатыны белгілі болды. Бұрында, қыркүйектен бастап тоқтайтын. Ал ұшақ билетіне қол жеткізе алмағандар арнайы уатсап топтарын құрып, құрлық жолы арқылы қай бағытты таңдағандарын бір- бірімен бөлісіп жатыр. Қазірше дәл қанша кісінің келгендігі белгісіз. Бірақ, олардың әлдеқайда көбейгені анық. Өзім ресейлік бірнеше азаттан жөн сұраған едім. Сұхбат беруден бас тартты.

Меруерт Қанағат, тілші:

Жергілікті БАҚ-тың мәлімдеуінше, ресейліктер орташа үш аптаға қонақүйлерге резервация жасатқан. Ал қонақүйде тұрақтамағандар Анталияда тұратын өз отандастарының үйін үш айға жалға алып жатыр. Жалпы соңғы айларда ресейліктер Түркияда жылжымайтын мүлік алу бойынша көш бастап тұр. Яғни кейнгі үш айда тіптен көп. Мысалға маусым айында Түркиядан 1887 ресейлік баспана сатып алған. Ал шілдеде 1028, ал тамыз айында тағы 1238-і үй алды. Көршілес елдегі жағдай, пәтерлердің жалға алу бағасына да әсер етті. Әсіресе Анталия, Ыстамбұл, Измир мен Анкарада қымбат. Жағалаудағы қалаларда туристердің көбеюіне басты себепкер Ресейліктер болып отыр. Ал пәтер иелері бағаны 2-3 есе қымбаттатқан. Сосын, шетелдіктерден 1 жылдың ақысын бірден алып отыру да олар үшін ыңғайлы. Әрине бұл жағдай жергілікті тұрғындардың да қалтасына әсер етпей қоймас. Ал оның салдары алдағы уақытта белгілі болмақ. Қазір нақты кесіп-пішіп айту қиын.