Бішкекте қоналқыға орын жоқ

Бішкекте қоналқыға орын жоқ

Жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрбелең ТМД елдерінде де байқалып отыр. Мәселен, Бішкекте бос қонақ үй қалмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалға берілетін пәтер табу қиын. Танымал Букинг сервисінде бірнеше пәтер ғана қалған. Баға да өскен. Мәселен, бір тәулікке баспана жалдау ақысы 100 мың теңгеге дейін жетеді.

Ал Ресейдің өзінде керісінше, сұраныс төмендеді. Мәселен, Мәскеуде кейінгі бір аптада жалға берілетін пәтер саны 15 пайызға азайды. Ал қымбат баспана нарығында бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін.