Бразилияда президент сайлауының алдын ала нәтижесі белгілі болды

Бразилияда президент сайлауының алдын ала нәтижесі белгілі болды

Бразилияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі аяқталды.

Алдын ала есептеу бойынша Луис Инасиу Лула да Силва жеңіске жетуі мүмкін. Осылайша ол 48 процентпен басты қарсыласы қазіргі мемлекет басшысы Жаир Болсонаруды басып озды. Ол 43 пайыз жинаған. Дегенмен, сарапшылар әлі барлығы өзгеруі мүмкін дейді. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, байқаушылар сайлау науқаны тыныш өткенін айтып отыр. Сайлау учаскелерінде азаматтардың айтарлықтай белсенділігі байқалған. Жалпы дауыс беруге 156 млн адам қатысқан екен. Халық президенттен бөлек штаттардың губернаторларын, парламент мүшелерін таңдаған. Алайда заң бұзушылықтар  да  тіркеліпті, олардың жалпы саны 663-ке жетіп отыр. Президенттік сайлаудың екінші кезеңі қазанның 30-ына  жоспарланды.