Аргентинада 13 киттің денесі табылды

Аргентинада 13 киттің денесі табылды

Аргентина жағалауында 12 өлі кит анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдардың болжамынша, су жануарларының өліміне микро-балдырлар себеп болуы мүмкін. Қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының мәліметінше, өлген киттердің денесінде ешбір жара табылмаған екен. Сондықтан мамандар киттердің іш құрылысын зерттей бастады. Өйткені сүтқоректілердің организмінде улы заттар табылуы мүмкін дейді сарапшылар.