Қытай өзен жағалай орман отырғызуға қыруар қаржы бөледі

Қытай өзен жағалай орман отырғызуға қыруар қаржы бөледі

Қытайдың мемлекеттік банкі жаңа экологиялық жобаға 131 миллиард юань бөледі.

Бұл қыруар қаржы Янцзы өзені экономикалық белдеуінің бойында орман өсіруге жұмсалады. Оның аумағы 2 миллион гектар болмақ. Жобаның арқасында мемлекет ауаға бөлінетін көмірқышқыл газын азайтуға ниетті. Өйткені Қытай бұл тұрғыда әлемдегі ең лас ел қатарында. Одан кейін АҚШ пен Үндістан тұр.