Ресейде нотариус қызметіне сұраныс артты

Ресейде жартылай мобилизация жарияланғаннан кейін заңгерлік кеңеске жүгінетіндер қатары артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп нотариус қызметіне деген сұраныс 6 жарым есе өскен. Тұрғындар психологтарға да жиі барып, жүк тасымалдаушыларды көп шақыратын болған. Мұны мамандарды іздеуге арналған «Профи» онлайн-сервисінің деректері көрсетіп отыр.

Айта кеткен жөн, Ресейде ішінара мобилизация 21 қыркүйекте жарияланған. Соңғы мәлімет бойынша сол уақыттан бері әскер қатарына 200 мыңнан аса адам шақыртылған.