АҚШ Қытайға экспортталатын арнайы тоқ өткізгіш материалдарды қайтадан шектеді

АҚШ Қытайға экспортталатын жартылай өткізгіш, яғни арнайы тоқ өткізгіш материалдарға тағы шектеулер енгізді.

Шара суперкомпьютерлер өндірісінде қолданылатын технологияға қатысты қабылданған. Енді Қытайдың 28 компаниясына тасымалданатын өнімдер рұқсат алуы керек. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Қытай оларды әскери мақсатта қолдануы мүмкін деп қауіптенеді. Және екі алпауыт мемлекет арасында технологиялық салада текетірестің күшейіп келе жатқанын көрсетеді дейді.