Гаитиде тырысқақ дерті дендеп тұр

Дәрігерлер аймақта аурудың өршіп кетуі мүмкін деп дабыл қағуда. Өткен аптада 8 науқас ауруын жеңе алмай, көз жұмды.

Тырысқақ әсіресе елдің оңтүстігінде жиі анықтала бастады. Онда инфекция адамнан адамға тез таралып барады. Аймаққа «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық үкіметтік емес ұйымның мамандары көмекке келді. Олардың айтуынша, ауру тым тез асқынып кетуі мүмкін. Естеріңізге салайық, Гаитиде 2010 жылы тырысқақ дерті ушыққанда 10 мыңға жуық адам қаза болды.

Флоренс Деннеула,  дәрігер:

- Ауруханаға күнде іш өту мен құсу белгілерімен ондаған адам келеді. Бұндағы дәрігерлердің мүмкіндігі шектеулі. Басты мәселе осы. Ауруханада бар жоғы 22 орын ғана бар. Ал науқастардың санында шек жоқ.