Жапонияда туризм саласы құлдырап барады

Жапондықтар шетелдік туристерді қабылдауға дайын емес.

Соңғы екі  жылдағы карантиндік шектеу шаралары қонақүй мамандарының тапшылығын тудырды. Елдегі қонақүйлердің 73% қызметкерлер жетіспейді. Бұдан бөлек, пандемия кезінде көптеген кәсіпорын шығынға батып, өндіріс орындарын, дүкендерін жабуға мәжбүр болған. Мәселен, Нарита ірі халықаралық әуежайындағы 260-тан астам дүкен мен мейрамхана әлі күнге дейін жабық. Енді кәсіпкерлер: «Егер үкімет туризм саласын тығырықтан шығарғысы келсе, арнайы субсидиялар бөліп, бизнес өкілдеріне қолдау көрсету керек», – дейді. Бірақ толық қалыпқа келу тек 2025 жылға қарай мүмкін болады. Айта кетейік, әлем елдері арасында Жапонияда коронавирус инфекциясының тарауына байланысты шектеу өте қатаң болған, мұнда әлі  күнге дейін маска тағу міндет.