Таиландтың солтүстік-шығысын су басты

Апаттан әсіресе Убонратчатхани провинциясы едеуір зардап шегіп отыр.

Кейбір аудандарда су деңгейі 1 метрге дейін жетіп,үйлерді шайып кеткен. Жергілікті тұрғындар тасқынның жолын құм толтырылған қаптармен бөгеп әлек. Бұған  қоса, синоптиктер жауын-шашын салдарынан Мун өзені тасуы мүмкін екенін ескертті. Сауда палатасының деректері бойынша мемлекет қазірдің өзінде 130 млн доллардан астам шығынға батқан.