Украинада жарылыс тоқтамай тұр

Украинада кешегі жарылыстардан қайтыс болғандар саны артты. Осы уақытқа дейін 19 адамның көз жұмып, 105 азаматтың жарақат алғаны белгілі болды, хабарлайды «Хабар 24».

Өз кезегінде жергілікті БАҚ өкілдері елдің бірқатар өңірінде тағы да жарылыс болғанын хабарлап жатыр.

Атап айтқанда, Днепропетровск, Хмельницкая, Винницкая, Ровницкая, Одесса мен Киев облыстары зымыранмен атқыланған. Осыған байланысты бүкіл Украинада әуе дабылы жарияланды. Жалпы АҚШ-тың пікірінше, зымыранмен атқылауды Ресей Қырым көпіріндегі жарылысқа дейін жоспарлап қойған. Бұл туралы Ақ үйдің, Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің спикері Джон Кирби, CИ-EN- EN ге берген, сұхбат барысында мәлімдеді.