Еуроодақта 250 мың украиналық жұмыс іздеп жүр

Еуроодақта 250 мың украиналық жұмыс іздеп жүр

Украиналық босқындардың Еуроодақ аумағында тұруына рұқсат беретін «Уақытша қорғау туралы директива» 2024 жылдың наруызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол биыл наурызда қабылданған. Кеше Ресей әскері Украинаның көп аумағын зымыранмен атқылағаннан кейін Еурокомиссия құжаттың мерзімін ұзартуды ұйғарған. Бүгінде директиваның арқасында 4 миллион адамға көмек көрсетіліп жатыр. Ол украиналық босқындарға Еуроодақ елдерінен жұмыс пен баспана табуға және денсаулығын қорғауға бағытталған. Ресми дерек бойынша, қазір бірлестіктің 18 елінде 250 мың Украина азаматы жұмыс іздеп жүр.

Илва Йоханссон, ішкі істер бойынша еурокомиссар:

– Уақытша қорғау туралы нұсқау 2024 жылдың наурыз айына дейін ұзартылады. Мен еліне қайтқысы келетін украиналықтарға ол жақтағы ахуал әлі де тұрақсыз екенін айтқым келеді. Бірақ кейін тағы босқын ретінде оралып жатсаңыздар, біз сіздерді паналатуға дайынбыз.