Камбоджада кеме суға кетіп, балалар қаза тапты

Камбоджада кеме суға кетіп, балалар қаза тапты

Камбоджада кеме суға батып, кем дегенде 11 бала қаза тапты.

Олар мектептен Меконг өзені арқылы үйге қайтып бара жатқан еді. Оқиға елдің оңтүстік-шығысында Кандал провинциясында болған. Тағы бір оқушыны іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Құрбан болғандар 11-14 жастағы оқушылар еді. Соңғы деректерге қарағанда, жолаушыларда құтқару кеудешесі болмаған. Жергілікті билік құрбан болғандардың жақындарына көңіл айтып, оларға көмек көрсетілетінін жеткізді.