Вьетнамдағы қаланы топан су басты

Вьетнамның Дананг шаһарында жаңбыр төпелеп, арты тасқынға ұласты.

Жауынның күштілігі сонша жолдарды шайып кеткен. Көлік қозғалысы тежелді. Жергілікті тұрғындар мұндайды кейінгі 30 жылда көрмегендерін айтады. Кей аудандарда жиналған су белуардан келеді. Қауіп төнген үйлерден халықты эвакуациялау басталды. Халықаралық агенттіктердің деректеріне сүйенсек, көрші қалаларды да су басады деген қауіп бар.