Әскери полигондағы атысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – Ресей

Ресейдің Белгород облысында әскери полгондағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше мұнда әскери даярлық кезінде атыс болып, 11 адам қайтыс болды. Тағы 15-і жарақат алған. Оқ атқан екі адамның көзі жойылды. Оларды бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Көрші елдің қорғаныс министрлігі шабуыл жасағандар ТМД елдерінің бірінің азаматтары болғанын хабарлайды. Сондай-ақ ведомство өкілдері оқиғаны лаңкестік әрекет деп атап отыр.