Түркияда жарылыс: көмір шахтасындағы қазба жұмыстары уақытша тоқтатылды

Өйткені кейбір жерде әлі өрт сөндірілмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кеткен жөн, оқыс оқиға жұма күні болған. Елдің солтүстігіндегі көмір шахтасында метан жарылды. Осы кезде жер астында 100-ге жуық адам жұмыс істеп жатқан. Соңғы мәлімет бойынша олардың 41-і қайтыс болды. 58-ін мамандар құтқарды. Кеше оқиға орнына Түркия президент барды. Режеп Тайып Ердоған қайтыс болғандардың жақындарымен кездесіп, оларға мемлекеттен көмек болатынын айтты.