Йеменде балалар мерзімі өткен дәріден көз жұмды

Йеменде қолдану мерзімі өткен қатерлі ісік ауруына қарсы дәрі-дәрмек қабылдаған оннан астам бала қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастар Сана қаласынының ауруханасында лейкемия дертімен күрескен еді. Марқұмдардың ең кішісіне 3-те, ал үлкені 15 жаста болды. Ақпаратты жергілікті денсаулық сақтау министрлігі растап отыр. Белгілі болғандай, химиотерапияға арналған дәрі контрабандалық жолмен жеткізілген екен. Оны 50 бала қабылдаған. Қалған науқастардың жағдайы күрт төмендеп кеткен. Жергілікті билік оқиғаның мән-жайына қатысты нақты түсініктеме бермей отыр.