Лос-Анджелесте нәсілшілдікке қарсы шеруге шықты

Лос-Анджелесте нәсілшілдікке қарсы шеруге шықты

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында нәсілшілдікке қарсы наразылық шарасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған топ қала басқармасының кеңес мүшелерін қызметтен кетуін талап етуде. Халықтың ашуына таяуда әлеуметтік желіде тарап кеткен шенеуніктердің өзара телефонмен сөйлесу кезіндегі аудио-жазбасы түрткі болды. Жиналған жұртшылық кеңес мүшелері Кевин де Леон мен Гил Седильоны лауазымды қызметтен босатуды талап етуде. Шерушілердің сөзінше, демократиялық елде адамдарды нәсіліне қарай бөліп жаратын адамдар билік басында отырмауы тиіс. Халық шаһар әкімдігінің алдына жиналып, жол қозғалысына бөгет болды.