Германияда ер адам бірнеше тұрғынды пышақтады

Германияда белгісіз біреу көшеде кетіп бара жатқан адамдарға пышақ ала жүгірді. Жергілікті БАҚ өкілдерінің дерегі бойынша 2 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнеше тұрғын жараланды. Құқық қорғаушылардың мәліметтеріне қарағанда, оның жасы шамамен 25-те, Сомали тумасы болуы мүмкін. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қылмыскерді ұстап үлгерді. Дегенмен тәртіп сақшылары оны тұтқындамақ болғанда ол қарсылық білдіріп, атыс басталған. Шабуылшы қазір ауруханада. Халі мүшкіл көрінеді. Қазір қайғылы жайттың мән-жайы анықталып жатыр.