Иран британдық компаниялар мен саясаткерлерге қарсы жауап ретінде санкциялар енгізді

Елдің Сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлім етті.

Санкциялар салынған мекемелердің қатарында Ұлыбританияның Ұлттық киберқауіпсіздік орталығы мен үкіметтік коммуникациялар штабы да бар. Сонымен қатар тізімде бірқатар Британдық БАҚ өкілдері де бар. Санкциялар аясында виза беруге және Иранға кіруге тыйым салынады. Сондай-ақ банк шоттарын жабу және ел аумағындағы мүлікке тыйым салу көзделген.